Ауыл халқы шошқа фермасына қарсылық білдіру акциясына шықты

Ауылдың жанынан бір өндіріс ашамын деген инвестор шығып, өндірісі улы болса, ол дереу тұрғындардың қарсылығына тап болары сөзсіз. Себебі қоршаған ортаны улайды, денсаулықты құртады. Ондай дау-дамайдың мысалы да көп. Адамдарға жұмыс орнынан және әлеуметтік нысандардың жаңалануынан гөрі экологияның тазалығы мен деннің саулығы қымбат. Ал енді шошқа фермасын ашамын деген инвестор да іргелес ауылдардың тұрғындарының қарсылығына тап болады. Шошқа да ауаны ластайды, жер-суды бүлдіреді. Әрі мұсылман адам үшін шошқаның еті де, өзі де арам. Ауыл маңына шошқаны жолатпаймыз деген тұрғындар мен инвестордың дау-дамайы да талай болып жатады. Қысқасы, ауылдарға тұрғындар қаламайтын өнеркәсіп пен шаруашылықты тықпалау бір рет те тоқтаған емес. Оның соңы үлкен дауға, соттасуға ұласып та жатады. 
Оқыған: Нұриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу