Байлығының есебінен жаңылғандар «сән-салтанат салығын» төлейді

Елімізде шалқыған бай-бағландардың көбейіп кеткені қашан. Бірақ олардың қымбат мүліктерінің мемлекетке де, халыққа да пайдасы шамалы. Өйткені миллиардтаған теңгені құрайтын қымбат мүліктері үшін қазынаға өтейтін салықтары ауыз толтырып айтарлықтай емес, тым аз. Соны негізге алған болуы керек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 1-қаңтарындағы халыққа арнаған Жолдауында 2023 жылы жаңа салық кодексі дайындалатынын және «сән-салтанат салығы» енгізілетінін айтты. Сән-салтанат ұғымына бұл жерде шектен тыс шылқыған байлық деген мағына беріледі. Президенттің айтқанында мұнда қымбат жылжымайтын мүліктер мен көліктер меңзелген, ондай салық орта тапты қамтымайтыны ескертілген.

 
Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу