Жақында Қырғызстанның бұрын-соңғы алты президенті Біріккен Араб Әмірліктерінде бас қосты. Мұндай тосын кездесуді елдің қазіргі президенті Садыр Жапаров ұйымдастырған. Оның негізгі мақсаты қырғыз халқын ұйыстыратын, біріктіретін тетіктерді табу болса керек.
Бір жерге бір мезгілде Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков және Садыр Жапаров жиналған. Олар сөз таластырып, жанжалдасып барып басылған, соңынан бір-бірін кешіріп, мәмілеге келген. Жаман-жақсы айтысса да, бір-біріне наразы болса да ынтымақты болайық, бірігейік деген тоқтамға келген. Елдің ішінде де ынтымақ пен бірліктің сақталуына қызмет етейік дескен. Бұл жағдай Қырғызстанда қызу талқыланып жатыр.