Бас сауғалап шет елдерге кеткен бұрынғы шенеуніктер

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Серік Күдебаев – Қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылғандардың бірі. Қаңтар оқиғасы кезінде ол өзі бас болып және қоластындағылар полиция департаментін тастап шыққан. Ал көшеге шыққандар ол жерден қару-жарақты кедергісіз алып кеткен делінеді. Талдықорған соты оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқан. Алайда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын 23-наурызда кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен деген ақпарат тараған. 31-наурызда оған халықаралық іздеу жарияланды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу