Әділет министрі Азамат Есқараев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барған. Актив жиналысынан кейін министр облыс жұртшылығымен кездесті. Мұнда ол заң саласындағы жаңа үрдістер, заңнамадағы кеңес беру, цифрландыру, сот актілерінің орындалуы сынды тәртіптер жайлы кеңінен әңгімеледі.