Баспананы сақтандыру міндеттеледі

Елімізде тұрғын үйді сақтандыру мәдениеті әлі де төмен. 8,5 миллионнан астам жылжымайтын мүліктің 200 мыңдайы ғана сақтандырылған. Пайыздық көрсеткіште бұл 2 жарым пайыз ғана. Оның басым бөлігі банк кепілдігіндегі, яғни ипотекалық үйлер. Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Міндетті сақтандыру дегеніміз ең алдымен халық үшін жаңа тұрақты шығын. Сондықтан бұл реформаны «сақтандыру керек пе, жоқ па?» деген қарапайым сұрақпен шектеуге болмайды. Негізгі сұрақ – кім төлейді, қанша төлейді, қандай тәуекелден қорғалады және апат болған жағдайда азамат нақты қандай өтемақы алады?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу