Басшыларды бопсалаған блогерлер

Бүгінде блогер көбейген заман. Арасында өз ісіне берілген кәсіби және туралықты ту еткендері аз емес. Олардың қоғамға пайдасы тиіп жатады. Дегенмен бес саусақ бірдей емес демекші, ішінде блогердің мақсатын жете түсінбейтіндері де жиі кездеседі. Өзін блогермін деп жүрген ондай адамдар арсыздықпен жеке адамдарды немесе мекемелерді бопсалауды әдетке айналдыра бастайды. Яғни блогерлік өнерді арам ақша табудың және айла-амал ойлап, өзгелерді қорқытып-үркітудің құралына айналдырады. Мұндайлардың талайы құқық қорғау органдарының құрығына түсіп, қамалып та жатыр. Авторы: Нағашыбек Алдан Оқыған: Нуриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу