Құқық қорғау жүйесіне орынды сын айтылып жатыр. Қылмыстардың алдын алу үшін ел ішінде профилактикалық жұмыс жүргізу, адамдармен, әсіресе бала-шағалы отбасылармен тікелей қарым-қатынас жасау мен жүйелі әрекет ету жағы кемшін түсіп жататын болса керек. Осының салдарынан күтпеген жерден ауыр қылмыстар жасалып жатады. Ал әрбір қылмыстың ар жағында адам тағдыры бар, адам өлімі бар. Ел ішінде профилактикалық жұмыс жақсы жүргізілсе және қоғамға қауіпті деген адамдардың жүріс-тұрысына бақылау болса, Сарыағаш ауданындағы қасірет болмауы мүмкін еді деп жатқандардың пікірін теріс деп айта алмаймыз.