Қазақстанда құрылыс компанияларына қойылатын талап тағы да қатаңдады. Енді 10 қабаттан жоғары салынып біткен тұрғын үйлерді Төтенше жағдайлар департаменті тексеріп, өрт қауіпсіздігіне толық сай екеніне көз жеткізбейінше, тұрғындардың қоныстануына рұқсат берілмейді. Яғни, үй дайын, кілт бар, бірақ мемлекеттік органның қорытындысы болмаса, тұрғындар кіре алмайды. Билік мұны адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып отырған қажетті қадам,- деп түсіндіреді. Ал нарық өкілдері бұл өзгеріс тағы бір бюрократиялық бөгетке айналып кетпей ме, - деп алаңдайды.