Адам шет елге барғанда сақ болып жүрмесе қиын-ақ. Барған еліндегі қылмыстық ахуалдың немесе әлеуметтік шиеленістің деңгейін алдын-ала зерттеп бару керек болар. Ал шет елге шықтым деп қалай болса солай жүргендердің талайы оқыс жағдайға түсіп қалып та жатыр. Шет елге барған Қазақстан азаматын тонау, тіпті өлтіріп кету жағдайлары бар. Шет елге барар алдында ол елде жүріп-тұрудың жадынамасын мұқият оқу керек. Жол жиегінің шетіне түкіріп кетсеңіз де басыңыз бәлеге қалатын елдер көп. Авторы: Нағашыбек Алдан Оқыған: Нуриддин Бидосов