Бірер күнде Біріккен ұлттар ұйымы 75-ші отырысын өткізді. Ұйым қазіргі уақытта адамзатқа қауіпті 5 қатерді айтып отыр. Жаһандық геосаяси шиеленістер, жер бетіндегі климаттың өзгеруі, халықаралық аренадағы сенімсіздік, цифрлы технологияны енгізудің кері әсері және әлемді тығырыққа тіреген пандемия. Жаһанға қазір ең қажеттісі не? Біріккен ұлттар ұйымының басшысы оның кілті «жаһандық татулықта, әлемге ұлы татулық керек», - дейді. Жыл соңына дейін әлемдегі барлық қақтығыс, түсініспеушілік, дау-дамайды тоқтату керектігін айтып отыр. "Әлемнің қазір тек бір ғана жауы бар - ол пандемия. Бар күш пен жігер тек соған бағыттау керек" дегенді айтып отыр. Оның айтуынша, пандемия адамзаттың қауіп-қатермен күрестегі тек репитиция екен!