Тамыздан бері елде вирустың таралу деңгейі тоқтамаса да, дертке шалдыққандардың күнделікті саны аз еді. Қараша айынан бастап оның қайта үдегенін байқадық. Кешегі көрсеткіш – 610.
Ал сенбі күнгі дерек одан да жоғары – 723 науқаста вирус анықталғанын оқыдық. Бұл тамыз, қыркүйек, қазан айларындағы көрсеткіштен едәуір жоғары. Шыны керек, мән беретін дерек!
Бәрінен де Шығыс Қазақстан облысында ауруға шалдыққандар саны көп. Өңірде кешегі күні 254 адамда вирус анықталған.