Қазақстандықтардың 88,5 пайызы өміріне риза. Олар өздерін бақытты санайды. Басым бөлігі елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты немесе жақсарған деп бағалапты. Бұл қоғамдық даму институты жариялаған соңғы сауалнаманың нәтижесі. Институт мамандары бір емес екі түрлі сауалнама жасап, осындай байламға келген көрінеді.