Құрылтай сайлауының ең қызған кезеңі басталды. Партиялық тізімдер тіркеліп болды. Енді саяси күштер халықтың алдына шығып, өз бағдарламасын таныстыруға көшті. Биыл Құрылтайдағы 145 депутаттық орынға жеті партиядан 545 кандидат таласады. Әр орынға шамамен төрт үміткерден келеді. Бұл қағаз жүзінде бәсекенің жоғары екенін көрсетеді. Ал үгіт кезеңі кандидаттар арасында кімнің аты озып келерін көрсетіп, кімнің халық сеніміне көбірек ие екенін айғақтап беруі керек. Яғни құрылтайға кімдер баратыны белгілі болады.