Елде коронавирустың да, одан туындаған пневмонияның да көрсеткіші мәз емес. Биыл пневмония дертіне 256 541 науқас шалдыққаны бүгінгі брифингте айтылды. Ал соңғы 7 айда өкпе қабынуынан 4 мыңнан аса адам көз жұмғаны туралы министр брифингте айтты. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда екі есе көп. айта кетейік, кешеден бері коронавирустың статистикасына пневмония дерегі қосылуда. Десе де тамызға дейінгі дерек бұл статистикадан тыс қалды.