Медициналық маска тағу міндетті талапқа айналуда. Оған қатысты бас санитардың қаулысы шықты.
Енді далаға серуенге шықсаңыз да, дүкенге, дәріханаға барсаңыз да, бір сөзбен айтқанда, қайда барсақ та медициналық тұмша тағуымыз шарт. Міндет бар жерде жауапкершілік бары анық. Бұл тәртіпті бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік барын естен шығармағанымыз жөн болар. Бір қарағанда қойылып отырған талап-ереже қарапайым. Медициналық маска тағып, барар жеріңе өзіңді де, өзгені де қатерге тікпей жетуіңе әбден болады. Бірақ, өкінішке орай, қарапайым талапты орындауға қиналатындар арамызда баршылық.