Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын бақылау керек пе? Әрине. Бірақ бағаны ұстаймыз деп, сол өнімді халыққа жеткізіп отырған шағын дүкеннің өзін шығынға батырып алмаймыз ба? Құрылтай отырысында депутаттар «үй жанындағы» дүкендерге мемлекеттік қолдау тетіктерін қайта қарауды ұсынды. Елімізде шамамен 40 мың осындай дүкен бар. Әсіресе ауылдар мен шағын қалаларда бұл дүкендер тұрғындар үшін негізгі азық-түлік сауда нүктесі болып отыр