Парламент Мәжілісінің депутаты деген лауазымда отырған адам «Мен Путинді қолдаймын. Украинаны әсіре ұлтшылдар басқарып отыр» деп жарияға жар салды. Халық өкілі деген депутаттың бұл сөзіне халықтың өзі тіксініп қалғандай. Себебі халық көңіл-күйінің айнасы әлеуметтік желі десек, мұнда депутаттың айтқанына жаға ұстап таң қалғандар және оның сөзін жерге ұра пікір білдіргендер көп.