Діни ахуал: Қазақстан қоғамы теңселіп тұр

Мектепте проблема шашетектен. Тізбелеп айта берсек, мектептің қиын мәселелері таусылмайды. Онсыз да бас ауруы көп мектепке осы күні орамалмен алысу қосылды. Орамал Қазақстан мектептері үшін шешімі қиын нәрсеге айналып отыр. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті. 
Педагогтардың республикалық съезі өтті. Онда білім беру ісіндегі талай мәселе ортаға салынды. Мысалы, мектеп формасы туралы ережеге сай, оқушы пиджак, кеудеше, жейде, шалбар, классикалық жейде киюі керектігі айтылды. Мектеп формасы жайлы бұл талапты меншік нысанына қарамастан елдегі жалпы білім беру мекемелерінің барлығы бірдей орындауға міндетті екені тағы да пысықталды. Соған қарамастан ата-аналардың өз қыздарын мектепке орамалмен тұмшалап жіберуін тоқтату қиынға соғып келеді. Мектептер осы даудан көз ашпайтын халге жеткен. Бұл проблема алдағы күні заңмен реттеле ме, жоқ па, ол жағын дөп басып айту қиын. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу