Джо Байден: «Әлем қауіпсіз әрі еркін болады деген ойдан үміт үзбейік»

Газа секторындағы соғыс әзірге тоқтаған жоқ.  Бұл соғыстың төңірегінде күн сайын түрлі оқиғалар болып жатыр. Солардың бірі – Газа аймағындағы қазақстандықтардың елге жеткізілуі. Бұл жолы Алматыға 99 адам әкелінді. Оларға уақытша баспана берілгенін, құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатқанын Сыртқы істер министрлігі  хабарлады. Адамдарды Газа аймағынан аман-есен шығару Қазақстанның Израиль, Иордания мен Египеттегі елшіліктері және сол елдердегі уәкілетті органдар мен халықаралық ұйымдардың бірлесе істеген жұмысының нәтижесінде жүзеге асқаны айтылды. Ол жақта әлі де отандастарымыз бар деп жатыр. Сондықтан қалғандарды да елге жеткізу жұмысы жалғасады екен. Жалпы, қазір Қазақстан азаматтарын Газадан эвакуациялаудың бірінші кезеңі өтіп жатқаны хабарлаған болатын. Бұған дейін Алматыға 124 қазақстандық жеткізілген еді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу