Биылғы жаз құрғақшылықпен өтті, ал күз басы кей өңірлерде нөсерлі болды. Мұның дихандарға келтірген шығыны шашетектен болып жатыр. Осылайша биыл азық-түлік қауіпсіздігіне сын сағаты келіп тұр. Себебі өнім аз, соның өзін жиын-терімге таяп қалған шағында нөсер жаншып кетті. Солтүстік өңірлердің нөсерден қалған астығын кептіріп жиып алған күннің өзінде сапасы күрт төмендейтіні белгілі. Оңтүстік жақтағы егістіктердің шығымы да биыл нашар болды. Осындай себептермен елімізде азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін бе деген өзекті мәселе туындап отыр.