Түркиядағы зілзала салдарынан құлаған көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың үйіндісінің астында қалған адамдарды құтқару жедел түрде жалғасып жатыр. Өкінішке қарай қаза болғандар көп. Ақпанның 8-інен 9-ына қараған түнгі мәлімет бойынша қаза болғандардың саны 11 мыңнан асты. Кейбір болжамда қаза болғандар 20 мыңнан асуы мүмкін екені айтылуда. Өйткені үйінді астында қалған адам тірі болғанның өзінде жарақаттың, ас-сусыз қалудың және суықтың салдарынан 4-5 күн өте үзіліп кетуі мүмкін. Алғашқы жойқын зілзаладан үйлердің қирағанына бүгін 4 күн болды. Тірі қалған көптеген адамды үйіндіден аршып алып жатыр. Ал өлідей табылып жатқаныны одан да көп.