Емханаға тіркелу қиындайды

Емханаға тіркелу қиындайды. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ережелер жазып, салаға бірқатар өзгерістер жасап көрмекші. Жоспарларын Ашық порталына салып, қоғамдық талқыға ұсынды. Жаңа тәртіп бойынша азамат бір ғана емханаға тіркеледі. Емхананы таңдау мүмкіндігі бар. Бірақ қызмет көрсету нақты аумақпен шектеледі. Яғни, тұрғын қай қалада тіркелсе, сол жердегі медициналық ұйымға бекітіледі. Бұрынғыдай бірнеше емханада қатар қызмет алу мүмкіндігі де болмайды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу