Еңбек мигранттары: Қонаевтағы құрылыста зәңгілер не істеп жүр?
Қазақстанда жұмыссыз жүрген адам көп болғанымен, құрылыстарға жұмысшы жетпейді. Кәсіпкерлер шет елден келгендерді жұмысқа тартып, еңбегін пайдалануды әдетке айналдырған. Құрылыс компаниялары өзбек, қырғыз, тәжікті қойып, енді қара нәсілді зәңгілерге ауыз салыпты.
21-маусым күні Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өткізілген екен. Ішкі істер министрлігінің хабарламасында «Мектеп ғимаратын жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерияның 9, Камерун елінің 2 азаматы анықталды», – делінген.