Балалар арасында семіздік белең алып барады. Әсіресе 6–9 жас арасындағы бүлдіршіндердің жағдайы ата-аналарды алаңдатып отыр. Себебі зерттеулер олардың 23 пайызында артық дене салмағы бар екенін көрсеткен. Ал 6 пайызы әлден семіздікке шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігі мұнымен күресу үшін фастфуд, ащы снэк секілді зиянды өнімдердің жарнамасына шектеу қойып көрмек. Бұл балалардың мектептен кейін тәтті-дәмді іздеп, дүкен жағалауын тоқтатып, залалды өнімнің зардабынан құтқара ала ма?