Газа аймағындағы соғысты тоқтатамыз деп шапқылаған елдер көбейді

Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату мақсатында жан-жақты жұмыс қыза түсті. Бір жағынан АҚШ пен Катар әрекет етсе, екінші жағынан Түркия да бұл іске белсене кіріскен. Осы күндері ХАМАС пен Израиль арасында бейбіт келісімге келу мәселесі талқыланып жатыр. 
ХАМАС ұйымының Исмайыл Хания есімді жетекшілерінің бірі CNN арнасы арқылы таратқан мәлімдемесінде ХАМАС пен Израиль атысты тоқтату туралы бейбіт келісімге келу процесін бастағанын айтты. Тіпті ол келісімге жақын күндері қол жеткізілетін болады деп үміттендірді. Исмайыл Хания араағайындық жасаған Катар елінің билігіне алғыс айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу