Әлемнің бірқатар елдері Газа секторында қалып қойған өз азаматтарын шығарып алудың қамына кіріскен. Мұндай әрекетті Қазақстан да жасап жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің таратқан дерегіне қарағанда, осы күні Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар. Оларды отбасымен қоса есептегенде 161 адам болады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің өткізген брифингінде айтылды.