Сонымен, Израиль әскері Газа аймағына жерүсті операциясы деген жазалау жорығының шет жағасын 23-қазанға қараған түні бастады. Бұл туралы ағылшындардың 1821 жылдан бері шығып келе жатқан The Guardian деген басылымы жазды. Басылым Израиль әскерінің Газаға абайлап, әзірге өте шектеулі құраммен кіргенін айтады. Яғни операциядан гөрі рейд деуге келеді.