Қазақстандықтардың табысы экономиканың өсу қарқынына ілесе алмай келеді. Негізі ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бірақ бізде олай емес. Көші ілгері елдерде еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі орташа үлесі 40%-ға жуықтайды. Одан да жоғары деңгейге қол жеткізгендер жетерлік. Ал біздегі көрсеткіш 30 пайыздық межеден әрең асты. Бұл – Орталық Азия үшін жоғары. Алайда біздегі мақсат алға қарап бой түзеу. Дамыған елдердің ізіне ілесу.