Бүгінгі күні ең бір алмағайып нәрсе дін болып тұр. Діни себеппен адамдардың арасында қайшылық та бар. Әлемде діни ахуалы мамыражай ел кем де кем болса керек. Әр жерде кейде діни себеппен келеңсіз оқиғалар болып жатады.
Сондай келеңсіздік, анығы дау-дамай бірер күн бұрын Израильде басталып, әлі тыншымай тұр. Мұндай дау иудейлер үшін де, мұсылмандар мен христиандар үшін де қасиетті қала – Иерусалимде болды. Шіркеудегі құлшылық кезінде еврейлер жиылып, христиандардың аяқтарының астына түкіріп тастаған екен. Бұған қатты шамданған христиандар еврейлерге кінә артып жатыр. Осының салдарынан Иерусалимде діни себеппен айқай туындады.