Елімізде зейнетақы жүйесіне қатысты тағы бір маңызды өзгеріс күшіне енді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен жаңа тәртіпке сәйкес, зейнетақыдағы артық қаражатты ипотекаға пайдалану ережелері қатаңдатылды. Оператор ретінде бұл процесті «Отбасы банк» жүзеге асырып жатыр. Ең басты өзгеріс – «берешек» ұғымының «негізгі қарыз» деп ауыстырылуы.