Бұқаралық ақпарат құралдарында Тәліптер Иранға соғыс жариялады деген тақырыппен ақпараттар пайда болды. Айтуларына қарағанда, 27-мамыр күні Ауғанстан мен Иран шекарасында қақтығыс болған. Тәліптер Иранның шекара бекетін басып алды деп жатыр. 28-мамыр күнгі дерекке қарағанда Иран шекарашыларының екеуі және тәліптердің біреуі қаза болды. Жарақаттанған да бар.