Қазақстанның шаруаға да, өнеркәсіпке де жайлы Солтүстік өңірлерін қазаққа толтыру әрекеті талай жылдан бері жүргізіліп жатыр. Үкіметтің мақсаты Солтүстік өңірлердегі жер-сулардың маңына халқы тығыз орналасқан, жұмыс орны тапшы Оңтүстік аймақтардан ел қоныстадыру. Солтүстік облыстарында жұмыс орны жеткілікті. Мекемелер мен кәсіпорындар жұмысқа қабылдайтын адам таппайды. Квотамен қоныс аударған адам шаруашылық кәсіп ашса, ішіндегі диломы барларға мамандығына сәйкес қызмет те табылады. Әрі мемлекет қолдан келгенше әлеуметтік қолдау көрсетіп, тұрақтандыруға тырысады. Үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген адамға іздегенге табылған дейтіндей-ақ нәрсе.