Арақпаз, шылымпаз деген жақсы ат емес. Дегенмен қазақстандықтар арақ ішіп, шылым шегуді бір кісідей-ақ атқарады. Әрі ішімдік пен темекңігетапшылық жоқ, дүкен сөрелері сықия толып тұрады. Басқаға табылмаса да арақ пен темекіге ақша табылады.
EnergyProm.kz Қазақстан экономикасына мониторинг жүргізу жобасы ең ішкіш деген өңірлерді атапты. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде арақ-шарап ішудің көрсеткіші артыпты. Бірінші жартыжылдықта дүкендерден коньяк 2,4 есе, арақ-шарап 29,4 пайызға көп сатып алынған. Сәуір-маусым айларында араққа жұмсалған шығын жан басына шаққанда шамамен 1,5 мың теңге болды. Жан басына шағу есебіне елдің барлық тұрғыны, оның ішінде ішпейтіндер, кәрілер мен балалар алынады.