Израиль-Газа мәселесі: Үлкен ойыншы Түркия бір жақ, Батыс бір жақ

Газа аймағындағы ХАМАС құрылымдарын жоямын деп екі ортада бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Израильдің әрекетін айыптап жатқан қанша көшбасшылар болса, соның бірі де, бірегейі де Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Оның Израильге деген қандай да бір өшпенділігі жоқ, алайда Израиль әскерінің Газа аймағында қантөгіс жасап жатқанына наразы. Таяудағы бір сөзінде Ердоған Израильдің әрекетін баскесерлік деп атаған және аймақта тыныштық орнату үшін Палестинаға тәуелсіздік беру керектігін шегелеп айтқан. Израильге АҚШ президентінен бастап мықты деген талай елдердің көшбасшылары барып қайтып жатыр. Жоспар бойынша Түркия президенті Ердоған да баруы керек болатын. Бірақ Ердоған Израильге бару райынан қайтты. Түркиядағы Ұлы Ұлттық Мәжіліс деген партия – Ердоғанның партиясы, өзі осы партияның төрағасы. Бұл ұйым өзін әділет пен даму партиясымыз деп есептейді. Міне, осы партияның отырысындағы сөзінің арасында  Режеп Тайып Ердоған Газа аймағындағы жағдайға байланысты бірер сөз айтты. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу