Қамаудағы Михаил Саакашвилидің халі тым мүшкіл

Грузияның экс-президенті, сотталып, осы күні сол Грузияның өзінде жазасын өтеп жатқан Михаил Саакашвилидің халі мүшкіл. Ол көпке бармай үзіліп кетуі де мүмкін. Соған қарамай Грузия билігі оны жазадан денсаулығына байланысты босатпай отыр. 
Бірер күн бұрын Саакашвили сот отырысына онлайн қатыстырылған екен. Онда 2007 жылы митингінің тарқатылу эпизодтарына қатысты іс қаралған.  Сол жердегі бейнежазбадан оның түрін көрген әлем жұртшылығы ішегін тартып, бас шайқап қалды. Бұрынғы нарттай жігіттің орнында әбден шөгіп, құр сүлдері қалған әруақ кейпіндегі Саакашвили отырды. Сотта қойылған сұрақтарға ол украин тілінде жауап берді. Ал парламент спикері Шалва Папуашвили Грузияны шайқап, халықтың құлағын көтергендер Саакашвилидің батыстағы жақтастары болды, сол үшін олар Грузия халқынан кешірім сұрауы тиіс дегенге келтірген. Саакашвили керісінше, «Мені мынадай халге жеткізгендерің үшін сендер менен, менің отбасымнан, Еуропарламенттен кешірім сұраңдар» деді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу