Әлемде өзінің тарихында қуғын-сүргінді бастан кешірмеген елдер кемде кем. Соның ішінде ата-бабалары көрген қуғын-сүргінді геноцид деп мойындата аламай жүрген ел қаншама. Мойындата алмай жүрген елдің бірі Қазақстан. Большевиктердің қолдан ұйымдастырған ашаршылық жылдарында қазақ халқының едәуір бөлігі, кейбір деректерде төрт миллионнан астамы аштан қырылған еді. Өтемақы төлетпесек те, мойындатутың өзі қол жеткен үлкен мәселе болар еді. КСРО-ның мұрагері ретіндегі бүгінгі Ресей мұны мойындауы екіталай. Ал Халықаралық ұйымдар немесе жекелеген елдер Қазақстандағы ашаршылықты геноцид деп мойындаса болады. Мысалы, 2022 жылдың соңына қарай Еуропарламент Украинада отызыншы жылдары болған ашаршылықты халыққа қарсы жасалған геноцид деп ресми түрде атады. Ал аталған сол кезеңде ашаршылық Қазақстанда да қатар болды. Сондықтан геноцид екенін мойындату мәселесін сөз еткенде, Қазақстанның құлағына да алтын сырға дегіміз келеді.