Қаңтар оқиғасы кезінде мыңдаған қару-жарақ пен оларға қажет оқ-дәрі қолды болғаны мәлім. Тоналған қару-жарақты құқық қорғау органдары іздестіріп тауып та жатыр. Ара-тұра қаншасы табылғаны, ал қаншасы әлі табылмағаны жайлы мәлімет жариялап тұрады. Ішкі істер министрлігі кезекті мәліметті жариялап, брифинг өткізді.