Оқу-ағарту министрлігі жергілікті әкімдіктер қаңғыбас иттердің көше-көшені бермей бетімен кетуіне жол беріп отыр деп дабыл қақты. Өйткені басы бос иттердің көшедегі балаларды қауып алған жағдайлары жиілеген. Балалардың мектепке баратын және мектептен келетін жолдарында иттер топырлап жүретіні жасырын емес. Бала түгілі ересек адамдардың өзі көшеде жандарын шүберекке түйіп жүреді. Себебі жабайыланып кеткен иттердің топ құрып жүретіні және адамдарға шабуыл жасайтын жағдайлары болып тұрады.