Карантин кезінде рұқсат берілмеген соң қаншама адамның қызметі тұралап тұр. Бірақ, карантин шектеу і айлакерлерге тосқауыл болмағанға ұқсайды. Бірі рұқсатсыз дәрі сатса, енді бірі дәрі бағасын үстемелеп пайда тапқан. Ол, ол ма?! Тонналап дәрі жасап, астыртын цех ашып алғандарды да естіп жаға ұстадық.
Пайда табудың жолы сан-қиылы екен. Тіпті анықтама сатып, пайда тапқандар да кездесіп жатыр.