Әлемнің барлық елдерінде жасы ұлғайғандардың саны артып келеді деген есеп бар екен. Демографияның тілінде мұны халық қартаюда деп атайды. Ал бала туу өте көп болып, халықтың едәуір бөлігін жастар құраса, оны халық жасаруда дейді. Алайда әлемде халықтардың қартаю үдерісі XXI ғасырда бірден көзге ұрып тұрған көрінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, енді бір 20-30 жылда әлемде 65-тен асқандардың саны 2-3 есеге артады. Қазір 761 миллионнан астам болса, 2050 жылы 1,6 миллиард адамға жетеді. Ал 80-нен асқандар да күрт көбеймек.