Қазақстанда әскерилер Түркияның Anka ұшқышсыз ұшағын сынап көріп жатыр деген хабар тарады. Әзірге аппараттың үшеуі сатып алынған. Бұл жақсылықтың нышаны.
Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз» басылымының жазуынша, сынақтан сәтті өткен жағдайда Anka ұшқышсыз ұшағы Қазақстан армиясына қабылданады. Сынақ толығымен 2024 жылдың наурызына дейін өткізіліп бітеді.