Қазақ қаласындағы жалғыз қазақ мектебі жабылып қалмаса игі
56 мыңнан аса халқы бар қазақ қаласында «Шаңырақ» атты жалғыз ғана қазақ мектебі бар екен. Ол – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы. Бұл қалада 16 мектеп болса, соның 12-сі орыс мектебі, үшеуі аралас мектеп, біреуі ғана қазақ мектебі. Соның өзінде жалғыз қазақ мектебі тозығы жеткен, ескі ғимараты бір-бірінен алшақ екі бөлек жерде орналасқан деп жатыр. Тұрғындар ол ғимараттардың тым ескі, құлауға шақ тұрғанын айтады. Оның үстіне қазақ мектебінің дау-дамайға қалған жағдайы да бар екен.