Қазақстан-Ресей қатынасы: Әркімнің жетегінде жүрген елші елші емес

Геосаясаттың қазіргідей күрделі кезінде дипломаттардың сөзі бірден алға шығып отыратыны бар. Себебі кез-келген дипломат бірінші кезекте өз елінің саясаттағы ұстанымын күйттейді емес пе? Сондықтан дипломатына қарап қожайынын таны деген жаңа мәтелді шығарудың реті келіп тұр. Елші дегеннің жүретін жолы қанжардың жүзіндей. Сол жолда сүрінбей жүріп, ауып кетпеуі немесе табанын тіліп алмауы керек. Елші мүлт кетсе іске зияны тиеді. Ал енді тәуір елшіні өзінің жіберген билеушісі бұзатын кездер де болатын сияқты. Тарихта Адольф Гитлер өзінің елшілерінен барған елдерінің билеушілеріне белден басып, үркітіп сөйлеуді талап еткен деген әңгіме бар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу