Қазақстанда өрт көбейді, ал Үндістанда адамдар күнге күйіп өліп жатыр

Биылғы көктем-жаз айлары жайсыз келіп тұр. Көп өңірлер әлі жаңбыр көрген жоқ. Шаңды жел суырып, берекені алып та жатады. Ең қиыны – табиғи өрттің болуы. Жазықтар, ормандар, қамыс  алқаптары өртенуінің жиілегені жақсы емес. Бұл ахуал климаттағы өзгерістерге байланысты көрінеді. Абай облысындағы алапат өртпен қатарласа бірнеше өңірде үлкенді-кішілі өрт оқиғалары болып жатыр. Астана, Алматы және Шымкентте жаңбырдың нышаны көрініп, ауа райы біршама дұрысталған сияқты. Ал жалпы құрғақшылық пен ауаның ыстықтығы сақталып тұр. Мұндай проблема биыл көршілес жұрттарға да, алыстағы елдерге де тән. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу