Қазақстандағы ұялы байланыстың бағасы ТМД елдерінің ішінде ең қымбаттарының бірі болып шықты. Кей елдермен салыстырсақ, айырмашылық екі еседен асады. Интернетіміз көршілерден қымбат. Бірақ сапасы соған сай ма? Төленген баға мен көрсетілетін қызметтің арасында баланс бар ма? Көптің көкейіндегі сауал осы.