Елде ішкі миграция күшейіп, ауылдағы ағайын ірі қалаларға үдере көшіп жатыр. Ауылды тастап көшкендердің дені бас қалаға бағыт алған. Жалпы жылдың алғашқы 3 айында жарты миллионға жуық адам өз тұрғылықты жерін ауыстырыпты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға көп. Елордаға 86 мың адам келсе, Түркістан облысынан 11 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Осылайша оңтүстіктегі өңір қоныс аударғандар саны бойынша көш бастаған. Одан кейін Жамбыл, Жетісу және Қызылорда облыстары тұр.