Беларусь республикасында Дмитрий Лукша деген журналист сотталды. Ол «Беларусь-1» телеарнасының қызметкері болумен қатар Қазақстанның «Хабар 24» телеарнасының да штаттан тыс тілшісі еді. Ол басқа да бірнеше шетелдік телеарналардың Беларусьтағы тілшісі қызметін атқарып келген екен. Ал таратылған ақпараттарға қарағанда, Дмитрий Лукша «Хабар 24» арнасына және басқа шет ел телеарналарына берген материалдары үшін істі болған.