Мына заман адамдарды бұзбаса, түзеп жатқаны шамалы болса керек. Бүгінде бас пайдасы үшін ешкімді, тіпті туған ата-анасын да аямайтындар көбейіп барады. Ал бұл үлкен кемшілік, қазақы рухтың кеміп кеткені. Қазақта ата-ананы ренжіту, қорлау, тағдыр тәлкегіне тастап кету деген нәрсе болмаған шығар. Ал осы күні қоғамымызда ондай адамдар бар. Өкінішті-ақ.
Жақында Ақтөбеде бір азамат өзі бірге тұрып келген нағашы әжесін, анасының бауыры болып келетін нағашысын бүкіл отбасымен үйден шығару туралы сотқа арыз түсірген. Сөйтіп бәрін үйден қуып, жалғыз өзі тұрғысы келген.
Нағашы әжесі түрлі созылмалы аурулары бар сырқат адам екен. Осыдан 30 жылдай бұрын отағасымен бірге үйді салып, сол жерде балалары мен немерелерін өсіріпті. Осы күнге дейін отағасы өмірден өткен болса керек. Үй нағашы апасының атында болған. Осы күнге дейін коммуналдық қызметтердің төлемі мен жер, мүлік салығын апасы төлеп келеді екен.