Қазіргі заманда көлігі жоқ үйді елестету қиын. Тіпті жан басына бір-бір темір тұлпар мінетін отбасылар өте көп. Көлік жанның рахаты. Ал жақсы көлік көздің жуы. Осы сүліктей сырғыған әдемі автокөліктер алаяқтардың жемтігіне айналғаны қашан. Көлігіңізді сатып аламын деп сенімхат алып мініп кетіп, өзге адамдарға сатып жіберетіндер әр қалада кездесетін болды.